"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Әдістеме - библиография бөлімі

Бөлім мамандары аймақ кітапханалардың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Аймақ кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеруге әдістемелік көмек көрсетуге, барлық пайдаланушыларға ақпараттық, библиографиялық және анықтамалық қызмет көрсетеді.

Бөлімде 4 қызметкер жұмыс істейді.

  1. Ахметжанова Әсем – бөлім меңгерушісі
  2. Сейтхожина Гүлнар – библиограф
  3. Ермағанбет Сәуле – методис –әдіскер
  4. Аманжол Қымбат – бағдарламамен қамтамасыз ету маманы

 Жұмыстың басты бағыты:

  • ­ Кітапхана жүйесінің және де  жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына септігін тигізу;
  • ­ Кеңес беру, әдістемелік және іс жүзіндегі көмек көрсету;
  • ­ Кітапхана жұмыстарындағы жаңалықтарды іздестіріп, дайындап, оны жеткізу және қолдану;
  • ­­ Кітапхана қызметкерлерінің білімін, біліктілігін арттыру
  • Әдістемелік құралдарды дайындап шығарып оны тарату.
  • Кітапхананы заманауи бағдарламалармен қамтамасыз ету.
  • Кітапханашылардың кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Кітапхананың анықтамалық аппаратын жүргізу;
  • Облыс кітапханаларына ғылыми-әдістемелік кеңестер беру;
  • анықтамаларды орындау (тақырыптық, анықтайтын, фактографиялық, статистикалық және т.б.);
  • Библиодайджест, мультимедиялық құрал , әдістемелік-библиографиялық көрсеткіштер. электронды құралдар  құрастырылып, шығарылымға шығады.

Бөлімнің қоры әдістемелік  және анықтамалық әдебиеттерден тұрады. Олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, кітап және газет мақалаларының жылнамалары.

Бөлімде қазақ және орыс тілінде мерзімді басылымдар бар: 

Мектептегі кітапхана
Кітапхана әлемі 
Кітап патшалығы
Кітапхана
Ұлттық кітапхана

Библиотека
Библиополе
Библиотековедение
Библиография
Читаем, учимся, Играем 

Барлығыңызды кітапхана жұмысын дамыту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз!