"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
12.03.2020 «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс»

Мерекенің үшінші күні  «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс»деген тақырыппен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай «Желбіре, Жеңіс жалауы» тарихи көрме ұйымдастырылды.

Көрме «Соғыс көрген балалар», «Қаһарман қалалар», «Ұлы Жеңістің солдаттары» деген бөлімдерге бөлініп, осы тақырыптағы кітаптар насихатталды. Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның кітапханашысының көмегімен кітапкөрмесіндегі Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптарға шолу жасалынды. Отанын қорғауда ерлік көрсеткен батырлар жайлы слайдтар көрсетілді.

Гимназияның оқушылары өздерінің дайындаған көрністерін сомдады. Бұл іс-шараға 75 бала қатысты.