"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Балалар ақын жазушылары – мерейтой иелері»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде 2020 жылдың көрнекті классик мерейгер ақын- жазушылары мен мерейтой кітаптарын оқырмандарға дәріптеу мақсатында  - «Балалар ақын - жазушылары – мерейтой иелері» атты  бір жылдық тұрақты көрмеде Қазақтың ағартушы – демократы, этнограф, фольклорист Шоқан Уалихановтың туғанына 185 жыл. Ақын, публицист әрі аудармашы Міржақып Дулатовтың туғанына 135 жыл. Қазақ жазушысы, әдебиеттанушы  Сәбит Мұқанов туғанына 120 жыл. Қазақтың ұлы ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл. Қазақ батыры қолбасшы Райымбек батырдың туғанына 315 жыл. Қазақ ақыны, жазушы Әнуар Әлімжановтың туғанына 90 жыл. Жазушы, аудармашы Омарғазы Оспановтың 110 жыл. Прозаик Евгений Иванович Носовтың туғанына  95 жыл. Орыс жазушысы, драматург Антон Павлович Чеховтің туғанына 160 жыл. Орыс жазушысы Михаил Михайлович Зощенконың туғанына 125 жыл. Француз жазушысы әрі ұшқышы Антуан де Сент – Экзюпердің туғанына 120 жыл.орай аталған ақын жазушылардың еңбектері қойылып,кең көлемде насихатталып, өмір жолдарынан сыр шертілді. Іс-шараға 24 кітап қойылды. 35 оқырман қатысты.