"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Елбасы-кемеңгер көшбасшы»

2019 жылдың 28 қараша күні  сағат 15.00-де №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің холлында  « Елбасы-кемеңгер көшбасшы»  тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған патриоттық сағат өтті. Бұл іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар  қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесін сезіне отырып, елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру. Республикамыздың дамуы, ондағы халықтар достығы, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өз елінің өркендеуіне байланысты жүргізіп отырған саясатымен таныстыру және ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің және тәуелсізділіктің құндылықтарын жеткізу.


Ел рәміздерін қастерлеуге, заман талабына сай жан-жақты, білімді, жігерлі және Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға тәрбиелеу.

 

Іс-шараның соңынан «Елдің туын желбіреткен Елбасы» кітап көрмесімен танысты.  Көрмеге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрсұлтан Назарбаев» өмірбаяны, «Елбасының сыныптастары», «Елмен сырласу», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Туған елім-тірегім», «Тәуелсіздік белестер» атты Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектерімен қатар, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  туралы М. Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген  Елбасы», Б.Сапаралының «Тұңғыш Президенттің балалық шағы», А.Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы: Н.Назарбаев – саясат майданының қайраткері», А.Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі» кітаптары мен  «Президент 2016 жылғы басты оқиғалардың фотобаян» және «Президент 2017 жылғы басты оқиғалардың фотобаян» т.б. сонымен қатар Елбасының балалық шағынан бастап, ерен еңбектері жан-жақты қамтылған әдебиеттер қойылды.

 

Іс-шараға белсене атсалысқан оқырмандарға мақтау қағазбен марапаттадық.