"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан

Тәуелсіздіктің туының желбірегеніне де, міне, 28 жыл толды. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты.

Сол азаматтардың ең бірінші міндеті - өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу мақсатында «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тарихи естелік кеш өтті. Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды еске алып, мүмкіндігі шектеулі жандармен іс-шара өткіздік. Іс-шарамызға келіп қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандар патриоттық әндер айтып, сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдап өз өнерлерін көрсетті. Іс-шарамыздың соңында «Егемен елдің тарихы»  атты кітап көрмесімен танысты.