"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мақтанамын сенімен, Арқалығым – Горжусь тобой, мой Аркалык»

25.10.2019     

 

   №2 Облыстық – ғылыми әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Мақтанамын сенімен, Арқалығым – Горжусь тобой, мой Аркалык» атты саяхат көрмесін өткіздік.

   

 

Іс-шараға Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектебінің балалары қатысты. Арқалық қаласы жайлы мәліметтер бере отырып, өлкеміздің тарихымен танысты. Оқырмандарға Арқалық қаласының өткені мен болашағы жайлы слайд көргені қызықты өтті. Арқалық қаласының алғашқы құрылғаны, қай жылдары күйрегені, қаламыздың қайтадан бой көтеріп, экономикамыздың, мәдениетіміздің гүлденуін слайдтан көріп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

 

    

 

  1970 жылы Торғай даласына жаңа облыс ашу үшін келген Өзбекәлі Жәнібековтың  Жас облысымыздың  өркендеуіне қосқан үлесіне тоқталып, халықтың дәстүрлі өнерін сақтап қалуда, ұлттық салт – дәстүрді білуге, тілді дұрыс меңгеруге Торғай жұртының мәдениетін жандандыруға атсалысқан ірі де көрнекті тұлғалардың бірі екендігі  түсіндірілді.

Аға ұрпақтың маңдай терімен, қажырлы қайратымен тұрғызылған туған қаламыз Арқалықты қадірлеп ардақтай білуге шақырдық.

Жас оқырмандарымыз Арқалық қаласы жаңарып, жасай берсін деген

тілектерін білдірді.