"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
11.04.2019 «Экология және біз»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Экология және біз» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.


Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта. Адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Оқырмандар жағдаяттық сұрақтарға жауап берді.Сондай –ақ  жағымсыз қылықтардан өздерін  аулақ ұстап, табиғатты аялауға шақырдық. Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайтыны туралы айтылды.