"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
07.02.2019 «Әлемнің ұлы суреткері» (Әбілхан Қастеевке 115 жыл)

Мақсатымыз, оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру болды.  Қазақ бейнелеу өнерін, әрине Ә.Қастеевке көз алдымызға елестету мүмкін емес.


Ол сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ суретшілер Одағының негізін қалаушылардың бірі.Ә. Қастеев – адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуаныш, сүйенішін, ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе білген суретші. «Әлемнің ұлы суреткері» атты сурет салу сайысында Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 5 «Ә» сынып  оқушылары суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларымен танысып, Ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктері артты.