"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бірінші оқырман»

Қаншама ғасырдан бері, атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани құндылығымыз – кітаптың оқырманға жететін орны кітапхана екендігі ертеден белгілі. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде, жылдың алғашқы оқырманын салтанатты түрде қабылдау  облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде  дәстүрге айналған. Биылғы жылы алғашқы болып, қаламыздағы №4 жалпы білім беретін орта мектептің 4 «г» сынып оқушысы Уразмагамбетов Бекнұр жазылды. Бекнұрдың  туған өлке тарихы мен математикаға қызығушылығы жоғары. Сонымен қатар спортқа да әуес. Болашақта  еліміздің  туын көкке желбіретер нағыз спортшы шықсын деген тілегіміз бар.


Жақсылыққа бастайтын жарық  жұлдыз – оқу. «Өркениеттің жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітабының санымен анықталады» деген екен Э.Лабуле. Сөз зергері Ғ.Мүсірепов : «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік"» - дейді. Кітап туралы айта берсек, ұлыларымыздан қалған асыл сөздер жетерлік. Қорыта айтқанда,  Кітап – ақылына ақы сұрамайтын  асыл досың. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытытатын  оқытып-үйрететін де  - кітап. Кітаптың біз білмейтін қыр- сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Қымбатты оқырмандар! "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің қайнарын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.