"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Елінің Нұры, Сұлтаны»

28.11.2018 ж.   

                 

 «Елінің Нұры, Сұлтаны» атты тақырыбында  ақпараттық сағат болды.

        

Мақсаты: Қазақ халқының Тұңғш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат бердік  және Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

        

Кітап көрмесіне Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, мектептегі жылдары, Днепродзержинскіде оқыған кезі, Теміртауда еңбек жолының басталуы, Қазақстан Магниткасындағы партия ұйымын басқарған, Қазақстан Компартиясы Орталық  комитетінің хатшысы, Үкімет басшысы болған кезеңдерді қамтиды. Көрменің негізгі арқауы – Елбасының  елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, Қазақстанды аз жылдың аясында алыс та, жақын да мойындайтын, санасатын, құрметтейтін елге айналдыру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты ел жасау, аз жылдың аясында  Астанадай ғажайып қаланың салынуы,  Астананы көшіру  Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтырудағы зор рөлі, Қазақстанның жаңа тарихының ең бір қиын да жарқын сәттерін баяндайтын еңбектері. Көрмеге  21-ге жуық әдебиет пен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар мен суреттер қойылды. Теледидардан Елбасының ерен еңбегін айшықтайтын бейнеролик көрсетілді.

         

Бұл мерекеге 91 оқырман   атсалысты.