"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Минии + bookini – 2018»

20.11.2018     

                  

Оқушылардың рухани дүниесін қалыптастыру және ойлау қабілетін арттырып, қазіргі кездегі өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және кәсіби тұрғыда қажет маңызды тұлға болып жетілуіне ықпал ету.Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу. Кітаптар, журналдар оқу арқылы білімдерін арттыру мақсатында кітапханаға жарнама жасау.    

Оқушылар жаңадан келіп түскен баспасөз басылымдармен танысып, өздеріне қажетті мәліметтерді қарап қызықтады.  Сондай-ақ, «Балалар әлемі» журналында жамандықтан алыстатып, жақсылыққа жақындатып бала көкірегіне адамгершілік пен имандылық нұрын құятын тәрбиелік мәні зор басылымдар барын айтып,тәрбиеге шақырдық. Баспасөз басылымдармен шолу соңында балалар ертегі оқып, жұмбақ жасырып, жаңылтпаштар айтып қызықты ақпараттар алды.