"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Көңілді мухомор»

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде 13 маусым «Жаз қызығы кітаппен» атты жазғы оқу бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Мұндағы мақсат:  балалардың және олардың отбасыларымен бірлесіп оқуын,  сонымен қатар балалар мен жас жеткіншектердің білім алу деңгейінде оқырмандардың сауаттылығын дамыту, оқырман мәдениетін сақтау және  кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау. Аталған бағдарлама аясында «Көңілді мухомор» атты шеберлік сабағы өткізілді.Бұл сабаққа Бекболат Гүлназ, Қабден Мархаббат, Бейбітова Назым секілді кітапханамыздың белсенді оқырмандары қатысты. Балалар шеберліктерін шыңдап, жаңадан келген кітаптармен танысты. Сабағымыздың соңында балалардың қолынан шыққан дүниелерді «Шебер қолдар» үйірмесінің көрмесіне қойылды