"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Жаз қызығы кітаппен»

Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда,кітапхана тарапынан өткізіліп жататын іс – шаралар жетерлік .

 Балаларды кітап оқуға шақыру және жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді  өткізу  мақсатында облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде  « Жаз қызығы кітаппен» атты жазғы оқу бағдарламасы жасалған болатын. 2018 жылдың 1 маусымынан басталған  бағдарлама аясында «Мерекелік гүл», «Бояулар бізде қонақта», «Бәліш қобдишасы», «Ақылды піл», «Көнілді мухомор» тәрізді шеберлік сабақтар және  « Біз денсаулықты тандаймыз» атты танымдық ойындар  өткізілді. Бөлімге келіп түскен жаңа кітаптармен  газет журналдар оқырман назарына ұсынылып отырды.

Сонымен қатар  жазғы лагердегі демалушы балалар және қала қонақтарына кітапханамызда «Астана - болашақтың қаласы» тақырыбында »экскурссия сағаттары жүргізілді. Өскелең ұрпақты рухани құндылығымыз кітаппен достастыру мақсатында біздің кітапханамызда іс-шаралар жалғасын таба береді. Сондықтан туған өлке тарихымен танысып, көркем әдебиетпен сусындаймын десеңіз кітапханаға есігі сіздерге әрдайым ашық!