"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Біз денсаулықты сақтаймыз»

Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері мектеп жанынан құрылған жазғы сауықтыру орталығында болып, «Біз денсаулықты сақтаймыз» атты ойын сабақ өткізді. Оқушылылар екі топқа бөлініп, Денсаулық жайлы ойларын ортаға салып, спорттық ойындардан жарысты.Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыра отырып.


«Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындырып, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру мақсатында өткен сайысымыз көңілдіде, қызықты өтті. Оқушыларға сыйлықтар таратылып, жеңіске жеткен топ марапатталды.