"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Нұр тұнған, құлпырған, Астана!»

Елбасының болашаққа бағдар, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кітапхана қызметкерлері  Жылжымалы кітапханамен «Нұр тұнған, құлпырған, Астана!» атты тақырыпта электрондық көрмемен Балдырған балабақшасының Бөтагөз тобында болып қайттық.


Ондағы мақсатымыз Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой – өрісін қимылын ұштау. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриот болуға тәрбиелеу болып табылады. Балаларға ең қызықты кітаптардан көрме қойылып, әннен шашу шашып, ата – аналармен бірге түрлі қызықты ойындар ойналды. Балалар ата – аналарымен бірге келіп бізге оқырман қатарына қосылды.