"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қазақстан елі, самғай бер биіктерге – Казахстан – страна устремленная в будущие»

 

Казахстан – страна устремленная в будущие» атты тарихи кітап көрмесін ұйымдастырдық.

 

Көрмеге Тәуелсіз еліміздің рәмізімен рухына, ажары мен айшығына айналған Астана туралы, Елбасы Н. Назарбаевтің ерен еңбегіне баса көңіл бөлініп, Елбасының идиясымен салынған Ақорда, «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілікпен келісім сарайы, Бәйтерек т.б көрнекті орындар туралы жан-жақты мағлұмат беретін кітаптар  мен мерзімді басылымдар қойылды. Астана - әлем таныған қалаға айналды. Көрменің мақсаты жас жеткіншектердің бойына Отанға, туған елге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру. Осы айтылған мәселелер кітап көрмесінде толық қамтылды.

 

Астана және Теңге туралы барлық мәліметтер қойылған. Мақсатымыз оқырмандарды   жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен  қанағаттандыру.

 

1-бөлім: «Астана – еліміздің жүрегі»

                     

Дәйексөздер: Астана сенсің заман аманаты,

                         Жасадың сан биікке жаңа саты.

                         Өзіңсің ерке Есіл аялаған,

                         Өзіңсің сегізінші ғаламаты.                (Кәкімбек Салықов)

          

2-бөлім:   «Астана – сердце нашей страны»

 

Дәйексөздер: Астана – это молодость Казахстана

                         Астана – это сердце степей!

                         Астана – это сила и слава

                         Это мощ и надежды людей!      (Т. Исраилова)

 

 

 

3-бөлім:  «Ұлтымыздың бір белгісі теңгеміз-

         Валюта наша национальная – тенге»

 

Дәйексөздер: Астана – это молодость Казахстана

                         Астана – это сердце степей!

                         Астана – это сила и слава

                         Это мощ и надежды людей!      (Т. Исраилова)

 

Көрмеге еліміздің Астана және Теңге туралы жазылған альбом қойылды. Кітаптар және мерзімді басылымдардағы материалдармен таныстырылды.

 

Көрмеге 53-дан астам кітап қойылды.

 

Бұл тарихи көрмеге қатысып,  31 бала оқырман болып жазылды және көрмедегі кітап берілім саны 149-ға жетті.

 

Көрме өзінің мақсаты бойынша оқырмандарға жыл бойы мағлұматтар беруге бағытталған. Осылайша, бұл кітапхананың биыл бастап отырған мәдени шаралардың алғашқысы», - деп айтуға болады.