"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мәңгілік өшпес отты жылдар»

4 мамыр күні 9 май – Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік өшпес отты жылдар» атты естелік сабақ өтті.

 

Мақсаты: Ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан жанашырлық ісін ел жадында мәңгіге сақтау.

 

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 73 жыл. Ұлы Отан соғысында 20 000 000 миллион отандасымыз, солардың ішінде 2 000 000 жуық қазақстандықтар құрбан   болды. Миллиондаған адамның өміріменқолымызға тиген Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойы әрқайсысымыз үшін қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-бабамыздың ерліктерін қадірлейтін, бейбіт өмірді бағалайтын – Біздер, Қазақ елі.

 

Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет.

 

Іс – шараға № 6 мектептің оқушылары  қатысты.

Келген оқырмандарға  «Желбірейді Жеңіс туы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды