"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Балалар кітап апталығының жабылуы

Сол күні түстен кейін сағ: 15:00 де № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде, балалар кітап апталығының жабылуы өтті.

 

Шағын концерттік бағдарлама мерекені жандандыра түсті. Балалар бөлімінің кітапханашылары Қоян мен Маймыл киімін киеп қарсы алды.

 

Ғажайып алаң» атты танымдық ойын-сайысын ойнатып,жаңадан келіп тускен кітаптармен таныстырды.

 

Жылда дәстүрімізге айналған «Жас қалам» клубының екі оқушысы,  белсенділік танытып көзге түскен «Шебер қолдар – Умелые ручки» үйірмесінің бес оқушыларын және «Үздік оқырмандарды»  марапаттап, сыйлықтар табыс етілді.

 

Қортындылай келгенде мұғалімдер мен ата-аналар балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

 

Мақсатымыз кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін жас оқырмандарға ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Жыл сайын өткізілетін Балалар кітабы апталығы – барлық кітап оқитын балалардың ортақ мерекесі. Бұл ғажайып мерекеде біз барлық балаларды құшақ жая қарсы алып, кітап әлеміне жетелейміз.