"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бала тілін тапқан ақын»

12.02.2018                           

 

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінде белгілі балалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының 80 жылдығына орай жас оқырмандарды  жас оқырмандарды адамгершілікке, кішіпейілділікке,әдептілікке үйрету және жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу мақсатында «Бала тілін тапқан ақын» атты әдеби саяхат өткізілді.  Балажан, ізденгіш ақын Ермек Өтетілеуұлын ата-аналар да, тәрбиешілер де, бүлдіршіндердің өзі де  жақсы біледі.Оқырмандар ақынның өмір жолымен танысқаннан кейін, шығармаларындағы әдептілік әлеміне саяхат жасады. 

                      

Жасырылған сөздерді дәл тауып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге үйренді.Сондай –ақ үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуді, көшеде жүру тәртібін, дастарқан басында өздерін қалай ұстауды осы Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік -әдемілік» атты кітабы арқылы оқып білді. Балалар кітап көрмесіндегі ақынның балалардың бақытты өмірі мен оқуын, түрлі істерін , Отанымыздың ұлылығы мен туған жер табиғат байлығын, аң-құстар тіршілігін қызығылықты жырлаған кітаптарымен және кейінгі үш тілде шыққан кітаптарымен танысты.