"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді?»

Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді?» атты сауалнама жүргізілді. Мұндағы мақсат сауалнама арқылы оқырманның кітапхана жұмысына баға беруімен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндірумен қоса, оқырманның кітап оқуға деген құлшынысын анықтау.


Сауалнама жүргізу барысында оқырманды қандай кітап және журналдар қызықтыратынын анықтадық. Сондай –ақ кітапхана оқырмандар үшін «Білім ордасы» болып қалатыны қуантарлық. Жалпы сауалнамаға қатысқан оқырман саны 40.