"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітаппен бірге өсемін» (5-сыныптарға арналған іс - шара)

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөліміне 5сынып оқушылары саяхат жасады. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, Кітап – әр адамның өмірлік досы. Балаларға кітаппен дос болыңдар, кітап оқыңдар, - деп кітапханашы ақыл кеңесін берді. Балалар сиқырлы кітап әлеміне қуана енді. Оқырмандарға кітап үйі, кітапхана ережелері туралы айтылып, көрмелер таныстырылды, сонымен қатар  балалар бөліміне түскен жаңа кітаптармен таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылып, слайд көрсетілді.Балалар сұрақтарға жұмыла жауап берді. Кітапханаға жиі келіп тұруға, тұрақты оқырман болуға уәде етті.