"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Егеменді елім, Тәуелсіз Қазақстаным менің»

Абай Құнанбаев атындағы №6 мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Егеменді елім, тәуелсіз Қазақстаным менің» патриоттық кеш өткіздік.


Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік тілде өлең оқу бой жазуына белсене қатысты. Балалар таныстырылым нұсқасында берілген интерактивті ойынның «Тарих білгірлері», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» сайыстық тапсырма сұрақтарына жауап берді.


«Ақ бота» балабақшасында тәрбиеленуші кішкентай оқырмандар мерекелік бағдарлама ұсынды. Олар Қазақстан және Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды, Қазақстан мен оның бас қаласы Астана туралы ән шырқады. Іс-шара бүлдіршін бишілердің орындауындағы «Домбыра» қазақ биімен аяқталды.