"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»

Арқалық қаласының №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай, «Тәрбие мен білім» бағдарламасы бойынша  облыстық семинар аясында №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектеппен бірлесе «Білім еліне саяхат» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс- шара «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты көрмені таныстырумен басталды. «Кітап – білім бұлағы» десек, білімнің қайнар көзі кітапханада екені баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен  Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді» деген. Өткізілген іс-шара барысында  балаларға  кітаптың шығу тарихынан бастап,кітаптың адам өміріндегі маңызын, кітапхананың білім ордасы екені түсіндірілді. Іс – шара соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.