"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды  кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында, «Золотой ключик» балабақщасының бүлдіршіндерімен, сөрелерімізге келіп түскен жаңа кітаптарға саяхат көрме жасады. Көрмеге ерекше үлгідегі «Қызыл телпек», «Көңілді көжек», «Жасырынбақ» т.б. ашылмалы кітаптар. «Жануарға жақын бол», «Орман үні», «Көліктер сөйлейді» т.б. дыбыстық кітаптар қойылды. Оқырмандар кітаптармен танысып, ойындар ойнап, флэш моб билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мақалада айтылған рухани жаңғыру ұлттық сана мәселесі кітап арқылы іске асатыны белгілі. Сондықтан кітапханаға келейік, кітап оқиық.