"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери»

«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери» атты Неміс қоғамдығының төрайымы Пыхтина Зинаидамен бірлесіп әдеби сайыс ұйымдастырдық. Сайыстың мақсаты: жас ұрпақты өзінің ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиеледік. Өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы,тапқыр да табанды,  сонымен қатар әдет – ғұрыптарымызды сақтауға, мемлекеттік тілді қастерлеуге және басқа да ұлттар тілін құрметтеуге үйреттік.

        
Сайысымыз 6 турдан тұрды.

I тур «Тапқыр достар»

IІ тур . «Аламан бәйге»

IІI тур - «Полиглот»

 ІV- тур - «Ең үздік аудармашы» «Лучший переводчик»

V- тур - «Сөзжасам» 

V I - тур. «Пантомимо»

 

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту. Осы іс-шараға  Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның оқушылары катысты. Соңынан видеоролик көрсетілді.


Іс – шараның соңынан сайысқа белсене ат салысып отырған  оқырмандарды сыйлықтармен марапаттадық және Неміс қоғамдығының төрайымы Пыхтина Зинаида өз атынан «DVD» тапсырды.