"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің»

№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаби жаздың сиқыры – Волшебство книжного лето» - атты, жазғы оқу бағдарлама бойынша  денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» ойын - сауық кеші өткізілді.


Мақсатымыз балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу.


Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру. Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығу-шылығымен білімі артып. Денелері шынығып, спортқа қызығып және жылдамдықтарын дамытты деп ойлаймын. Оқушылар алдына мақсат қоя білуге,жеңіске жете білуге және жолдастық қарым-қатынастардың қалыптасуына тәрбие алды.